- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алтай Көлгінов жаңа...
Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды
Алтай Көлгінов Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, кеше, 8 желтоқсанда Алтай Көлгінов Астана әкімі қызметінен босатылған болатын.
Алтай Көлгінов 2000-2001 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет еткен.
2001-2008 жылдары Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында қызмет атқарады.
2008-2010 жылдары - "АлашМедиа Групп" ЖШС бас директорының орынбасары.
2010-2012 жылдары Президент Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2013 жылдың 4 сәуірінен Орал қаласының әкімі.
2016 жылдың 26 наурызынан Батыс Қазақстан облысының әкімі.
2019 жылдың 13 маусымнан бастап Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен Астана қаласының әкімі болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина