Алтай ауданындағы таулы аймақта құрғақ шөп пен бұта өртенді

Алтай ауданындағы таулы аймақта құрғақ шөп пен бұта өртенді
Фото: Видео кадры

Алтай ауданындағы таулы аймақта құрғақ шөп пен бұта өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-fғ сілтеме жасап. 

Өртсөндірушілер таудағы өртті ауыздықтады.

Бүгін Алтай ауданы Березовка ауылы маңында таулы аймақта құрғақ шөп пен бұта өртенген. Жалпы 1.8 гектар аумақты жалын шарпыған. Оқиға орнына жедел жеткен ШҚО ТЖД өртсөндірушілері өрттің таулы аймақтың күрделі жерлерінде орын алғанына қарамастан, толығымен ауыздықтай алды.

ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек