Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Алтай ауданы тұрғындарымен кездесуде өңірде жыл басынан бері атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды баяндады. Аудан әлеуметтік инфрақұрылым, жол жөндеу, инженерлік желілерді жаңарту, инвестиция тарту, денсаулық сақтау және туризм салаларында ауқымды өзгерістер кезеңін бастан өткеріп жатыр.
Биыл Алтай ауданында 28 шақырым жол мен көше орташа жөндеуден өтті. Алтай қаласының батыс бөлігіндегі су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстары басталып, жергілікті бюджет есебінен су және кәріз желілерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.
Аудандағы 5 қазандық 2,5 мыңнан астам нысанды орталық жылумен қамтып отыр. Барлық жылу көздеріне қажетті ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен бірге Жаңа Бұқтырма кентінде құны 9,2 миллиард теңгені құрайтын аулаішілік жылу желілерін қайта құру жобасы жалғасуда.
Алтай ауданы тұрғындарының 97,2 пайызы интернетпен қамтылған. Дегенмен 17 елді мекенде байланыс сапасына қатысты шағымдар бар.
Быково ауылында антенна-мачталық діңгектің құрылысы аяқталып, желтоқсан айына дейін мобильді интернетті қосу жұмыстары жүргізілуде. Қалған ауылдар "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы аясында 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен қосылады.
Ауданның 23 мектебіне жоғары жылдамдықты интернетті қамтамасыз ету үшін Starlink жиынтықтары орнатылды.
Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, Алтай ауданының 2029 жылға дейінгі даму жоспары бойынша:
Жеке инвестициялар есебінен өткен жылы:
Биыл:
Ауданда:
10 айда 2,4 мың тоннадан астам ет, 13,5 мың тонна сүт өндірілді.
Туризм саласы бойынша, Малеевскіде Хамир өзенінің бойында жаңа демалыс базасы пайдалануға берілді. Жаңа Бұқтырма кентіндегі "Мелада" демалыс базасы жаңғыртылып, Бұқтырма станциясында "Пристань" жол бойы кешені салынуда.
Ауданда медицина бағытында да маңызды өзгерістер бар:
Денсаулық сақтау нысандарының құрал-жабдықпен қамтылуы – 83,1 пайыз. Өлім-жітім көрсеткіштері:
Алайда ауданда 21 дәрігер тапшылығы бар, бұл ретте облыс әкімі тиісті басқармаларға кадр тапшылығын жоюды тапсырды.
Биыл Жаңа Бұқтырма кентінде 200 орындық жаңа мектеп салынып бітті.
Аудандағы 10 мектепте жөндеу жұмыстары жүргізіліп, білім беру мекемелеріне 3 оқу кабинеті сатып алынды.
Алтай ауданы инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру, медицина мен білім сапасын арттыру бойынша қарқынды дамып келеді. Жүзеге асырылып жатқан жобалар мен тартылған инвестициялар өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін едәуір арттырады.
Өңір басшысының мәлімдеуінше, бұл жұмыстар алдағы жылдары да қарқын алмақ.
ШҚО әкімдігі ұсынған материал