- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әлсіздік жеңіп кете...
"Әлсіздік жеңіп кете ме?" деп қорқам". Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратқа арнап жантебірентер жазба қалдырды
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына жан сырын ақтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол анаға сан түрлі сынақ берілетінін айтып, кейде әлсіздік танытатынын жасырмады.
"Әрбір анаға көтере алар ма, жоқ па деп түрлі сынақты беріп тастаған. 62 тамырыңды жарып шыққан перзентің үшін тауды қопаруға дайынсың. Бірақ кейде "әлсіздік жеңіп кете ме?" деп те миың бір сәтке ой қармауынан шыға алмайтын кездер де болады. "Жоқ, жоқ...мен әлсіздік танытсам, не үшін ана деген атқа лайықтымын, тұр да басыңды көтер, жығылуға лайықты емессің?" деген оймен денеңді тік ұстауға беліңді бекем буады екенсің. Бір алла жар болсын!
Менің бір түсінгенім, титымдайынан құласа да, тұрса да елдің көз алдында өсе келе жатқандықтан да өз ұлдарыңдай, өз бауырларыңдай болып кетеді екен ғой. Жек көріп тұрып, жүрегінің түбі жақсы көріп тұратындар өте көп екен.
Қайратым тасып жатқандай,
Ақ жүрек ана сен үшін,
Жарқ етем әлі ақ таңдай,
Жеңілгендерім жеңісім!
Жаралы жанның әні бұл,
Желбіреп туым әлі тұр,
Күндестің күні қоңырау,
Соңымнан еріп әлі жүр", - деп жазды ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Көпбалалы аналарға қандай жеңілдіктер жасалады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә