Әлішер Елікбаев Перизат Қайраттың қорына қаржы аударғаны анықталды

Блогер Әлішер Елікбаев әлеуметтік желідегі парақшасында су тасқынынан зардап шеккендерге қаржы жинаған Biz Birgemiz Qazaqstan қорына ақша аударғаны туралы жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер қорға өз компаниясының атынан көмек ретінде қаржы аударған. Бұл қаражатты ұжым болып жинаған.

Әлішер Елікбаев компания атынан бөлек, отбасының атынан да қаржы жібергенін айтты. 

Еске салайық, ҚМА еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Ол 1,5 миллиард жымқырды деген күдікке ілінгені туралы жазған болатынбыз. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз