Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Астанадағы өндірістік альпинистердің өліміне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға 12 қазанда болған. 4 өндірістік альпинист құрылыс алаңында биіктен құлаған еді. Бүгінде оның үшеуі көз жұмды,
"Елордада болған қайғылы оқиғаға тоқталайын. Онда "Шишков" атты жеке кәсіпкер жұмыс істеген. Жеке кәсіпкер қауіпсіздік техникасын сақтауды жұмысшыларға түсіндіруі керек еді. Бүгінгі таңда сараптама тағайындалды, комиссия құрылды. Оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады. Сондықтан бүгінде оларға қойылатын талаптар мен ережелер бірден өзгереді деп айтуға әлі ерте", - деді Жақыпова Үкіметтің баспасөз орталығында.
Еске салайық, Астананың құрылыс алаңының бірінде 4 өнеркәсіптік альпинист биіктен құлаған болатын. Оның біреуі оқиға орнында мерт болды.
Кейінірек биіктен құлаған тағы бір альпинист ауруханада қайтыс болғаны хабарланды. Ал кеше, 16 қазанда үшінші альпинист қайтыс болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!