Жапониялық альпиниске Футаго тауына шығып бара жатқанда қоңыр аю шабуылдаған. Желіде өмірін сақтау үшін аюмен төбелескен альпинистің видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды "Двач" Telegram-арнасы.
Бұл оқиға ер адамның басындағы экшн-камераға түсіп қалғаны атап өтіледі. Кадрлардан тастармен өрмелеп бара жатқан альпинистің үстіне аю секірген сәтін көруге болады - жапониялық тұрғын қорқып, қатты айғайлай бастайды. Жануар сәл төменірек жарға құлап, сол жерден туриске қайтадан шабуыл жасайды, бірақ видеоның кейіпкері аңға тойтарыс беріп, аяғымен және жұдырығымен ұра бастайды.
Сәлден кейін видеода бұталардың арасына тығылған қонжық көрінеді. Артынша жабайы аң мен оның қонжығы қашып кетеді, олар көзден ғайып болған соң альпинист жартастың басына шығып, ауыр күрсініп, жан-жағына қарайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!