- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әлімжеттік көрсетіліп, ақша...
"Әлімжеттік көрсетіліп, ақша бопсалап жатыр". Абай университеті әкімшілігі желіде тараған ақпаратқа пікір білдірді
Telegram-арналардың бірінде белгілі бір адамдар Абай атындағы ҚазҰПУ студенттеріне әлімжеттік көрсетіп, ақша бопсалағаны туралы ақпарат тарады. Massaget.kz тілшісі осы ақпаратқа қатысты университет әкімшілігіне ресми жауап сұрап жүгінді.
Желіде тараған ақпаратта бопсалау арқылы студенттерге 386 миллион теңге шығын келтірілгені айтылады.
Университеттің баспасөз қызметі мәліметінше, Абай атындағы ҚазҰПУ студенттеріне қатысты несие және қысым көрсету деректері бойынша құзырлы органдар тарапынан тиісті тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Бұл дерек бойынша Үкібай Бибол, Ермекбай Асқар және Княсов Азизбек есімді тұлғалар Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері емес екені анықталды. Университетке қарасты жатақханаларда қысым көрсетулер бар деп көрсетілген ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі оқу орнының жатақханаларында мониторинг жұмыстары жүргізіліп, студенттермен кездесулер жиі өткізіледі", - делінген Абай атындағы ҚазҰПУ баспасөз қызметінің Massaget.kz-ке жауабында.
Университет әкімшілігі жатақханаларда студенттердің қауіпсіздігі мен тәртібін қадағалайтын арнайы жауапты қызметкерлер барын, бейнебақылау жұмыс істейтінін мәлімдеді.
"Осы мәселеге байланысты студенттердің ата-аналарымен кездесулер ұйымдастырылып, жоғары оқу орынының студенттеріне қаржылық сауат бойынша кездесулер мен дәрістер өткізіліп жатыр", - делінген Абай атындағы ҚазҰПУ баспасөз қызметінің Massaget.kz-ке жауабында.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ақша туралы мақал-мәтелдер
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова