- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматының "Зерделі" шағынауданындағы...
Алматының "Зерделі" шағынауданындағы 30 үй нығайтылды
Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев "Зерделі" шағынауданын дамытуға ерекше назар аударылатынын айтты. 30 үйді тегістеу және нығайту жұмыстары толығымен орындалды. Бүгінгі таңда аула учаскелерін абаттандыру және асфальттау жұмыстары аяқталды.
"ҚазҚСҒЗИ" АҚ институтының қорытындысына сәйкес, нығайтылған және тегістелген үйлер одан әрі пайдалануға жарамды. "Отбасы банк" АҚ пәтерлерін кепілге алу мәселесі жақын арада шешілетін болады", - деді қала басшысы.
Еске салсақ, 2012-2016 жылдары "Зерделі" ш/а мемлекеттік бағдарлама бойынша 30 көппәтерлі 9 қабатты үй салынды. Олардың көпшілігі бұзушылықтармен тұрғызылды: пәтерлерде есіктер жылжып, қабырғаларда жарықтар пайда болды - үйлер қисайып кетті. Үйдің соңғы қисаю 2019 жылы болды.
Алматы қаласының әкімдігі ұсынған материал