Алматының "Зерделі" шағынауданында бұзылған үйлердің орнында сквер салынады

Алматының "Зерделі" шағынауданында бұзылған үйлердің орнында сквер салынады
Фото: almaty.tv

Алматының "Зерделі" шағынауданында бұзылған үйлердің орнында сквер салынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Зерделі" шағынауданында сквердің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуінде айтты.

Онда жасыл аймақтар, балаларға арналған екі алаң, қарттарға арналған демалыс аймақтары, шағын сәулет формалары, атриум аймақтар орналастырылып, ағаштың 200-ден астам түрі отырғызылады.

Жұмыс 2024 жылдың екінші тоқсанында басталып, 2024 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл сквер бұзылған екі үйдің орнына салынады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан