Алматының тау бөктерінде үш бірдей заңсыз нысан сүрілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот шешімімен Көлсай ш/а., №2237 уч. салынып жатқан үш ғимарат сүрілді. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.
Басқарма жүргізген жоспардан тыс тексеру көрсеткендей, меншік иесі (жеке тұлға) тиісті рұқсат құжатсыз нысандар салуға кіріскен. Меншік иесіне қатысты жол берілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, 316-бап 1-бап бойынша әкімшілік шара қабылданды.
2023 жылы 25 сәуірде басқарма Алматының Медеу аудандық сотына бұзу туралы талап арыз берді. 2023 жылы 22 қыркүйектегі сот шешімімен бұзу туралы талап қанағаттандырылды.
Қалалық Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен меншік иесі өз еркімен бұзуға кірісті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!