Алматының Бостандық ауданындағы кейбір ғимаратта ыстық су мен жылу бірнеше сағатқа өшірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған Бостандық ауданының Розыбакиев - Қожанов - Гагарин - Короленко көшелерінің аумағындағы бірқатар тұрғын және өзге де ғимарат магистральды жылу желісі учаскесінің біріндегі апат себеп болған.
"Алматы жылу желілері" ЖШС хабарлауынша, 1976 жылы пайдалануға берілген диаметрі 800 мм құбыр істен шықты, қазір апат болған жерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Аталған секторға жылу мен ыстық су түнге дейін беріледі деп жоспарланып отыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!