Алматының орталығында супермаркетке жапсарлас салынған қосымша құрылыс сүрілді

Алматының орталығында супермаркетке жапсарлас салынған қосымша құрылыс сүрілді
Фото: Алматы әкімдігі

Алматының орталығында супермаркетке жапсарлас салынған қосымша құрылыс сот шешімімен бұзылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала әкімдігі мәліметінше, Сейфуллин даңғылы 510А мекенжайындағы Spar супермаркетіне жапсарлас салынған нысан бұзылған.

Бұған дейін жоспардан тыс тексеріс барысында "КБЕ групп" ЖШС-ға құрылысқа қажет рұқсат құжаттары болмауына байланысты әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқау берілген.

Тексеріс нәтижесінде нұсқау орындалмауына байланысты тиісті материалдар сотқа жолданған. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот талап-арызды толық көлемде қанағаттандырды.

Сот шешімін орындау мақсатында нысанды иесі өзі бұзған.

Сурет: Алматы әкімдігі

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget