Алматы орталығында құбыр жарылып, ыстық су атқылады. Соның салдарынан жақын маңдағы аялдаманы су басты.
Куәгердің айтуынша, құбыр Әйтеке би − Абылайхан көшелерінің қиылысында шамамен сағат 12.15-те жарылған. Ауданда тұман түскен. Айта кетейік, бұл жерде паркинг орналасқан. Жүргізушілер өз көліктерін қауіпсіз жерге жеткізіп жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.
Дереккөз: tengrinews