- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматының орталығында кафеге...
Алматының орталығында кафеге қосымша салынған нысан бұзылды
Алматының қала құрылысы басқармасының мәліметінше, Абай даңғылы, 34 мекенжайында қосымша күрделі нысан заңсыз тұрғызылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нәтижесінде, басқарма меншік иесіне (жеке тұлғаға) қатысты әкімшілік шаралар қабылдады және материалдарды сотқа жолдады.
2024 жылғы 16 сәуірде Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен меншік иесі заңсыз тұрғызылған құрылысты мәжбүрлі түрде бұзды және ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 319-бабы бойынша кінәлі деп танылды.
Бөлшектеуді меншік иесі бір күн бұрын ерікті түрде жүргізді.
Еске салайық, Алматыда 2023 жылдың басынан бері 48 заңсыз нысан, оның ішінде "Мечта", KHAN, "Алма Гарден" тұрғын үй кешендері және басқалары толығымен немесе ішінара бұзылған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан