Алматының үш ауданындағы бірқатар секторда электр жарығы сөніп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алатау жарық компаниясы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматының Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарында бірқатар сектордың тұтынушыларына электр энергиясын бір сағат ішінде берілген.
"Сәтбаев – Қонаев – Төле би – Сейфуллин көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттардың электр қуатының үзілуі ПС-58А қосалқы станциясының жұмысындағы ақауға байланысты болды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!