Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды заңсыз тіркеудің жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тексеріс барысында Наурызбай ауданындағы бір бөлмелі пәтер иесі сыйақыға 990 адамды өз мекенжайына тіркегені анықталған. Алайда тіркелген азаматтар бұл пәтерде тұрмаған.
"Бұл дерекке қатысты прокуратура ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық істі тіркеді", - деп жазылған хабарламада.
Сот пәтер иесін заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова