13 ақпаннан бастап Алматының метрополитен желісінде қосымша жылжымалы құрам іске қосылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жаңа құрам қосылған соң қозғалыс аралығы қарбалас сәтте 6 минут 12 секундке дейін қысқарады.
2022 жылы екі жаңа станция қолданысқа берілді. Солай, жолаушылар саны шамамен екі есеге артып, 85 мыңға жетті. Қазір 938 адам сиятын 4 вагонды жылжымалы құрам қатынап жүр.
Бұған дейін Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын әзірлеушілер қоғамдық көлікті дамыту перспективалары туралы айтқан болатын.
Бас жоспарға сәйкес 2040 жылға қарай метро желісінің ұзындығы 32 шақырымға жетпек. Бүгінгі таңда қолданыстағы желі 13 шақырымды алып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!