Алматы облысының әкімі Амандық Батталов пен Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис маңындағы блокпостының жағдайы жайында жиналыс өткізді.
Әкімдердің айтуынша, қаладағы карантин толық бақылауға алынды.
- Кеше біз қала маңындағы блокпосттарға барып, жағдаймен танысып қайттық. Барлығы керек-жарақпен қамтылған. Облыс территориясынан 5 шақырым жерге дейін бақылау орнатып, республикалық маңызы бар тас жолдардың барлығына қосымша 82 блокпост қойдық. Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, түсіндіру жұмыстарын жасауда, - дейді Амандық Батталов.
Ал тұрғындар болса, төтенше жағдайға түсіністік танытып, бәрі ауруды таратпаудың амалы екенін ұғынып отыр.