Алматы Полиция департаменті жола апаты жиі болатын Алматының ең қауіпті көшелерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбектің мәліметіне сүйенсек, қалада апаттылыққа арнайы талдау жүргізіліп, аудандар бойынша ең апатты учаскелер анықталған:
- Алатау ауданы - Райымбек даңғылы, Рысқұлов көшесі, Солтүстік айналма көшесі;
- Алмалы ауданы - Төле би даңғылы, Сейфуллин даңғылы, Байтұрсынов көшесі;
- Әуезов ауданы - Абай даңғылы, Алтынсарин көшесі, Райымбек даңғылы;
- Бостандық ауданы - Әл-Фараби даңғылы, Жандосов көшесі, Жароков көшесі;
- Жетісу ауданы – Ангарская көшесі, Солтүстік айналма көшесі, Жансүгіров көшесі;
- Медеу ауданы - Достық даңғылы, Құлжа трактісі, Халиуллин көшесі;
- Наурызбай ауданы - Жүнісов көшесі, Ташкент трактісі, Әшімов көшесі;
- Түрксіб ауданы - Сүйінбай даңғылы, Шолохов көшесі, Майлин көшесі.
Естеріңізге сала кетейік, сәуірде Алматы полициясы жол-көлік оқиғалары ең көп болатын тәулік - бейсенбі екенін айтқан болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!