Қаладағы тозығы жеткен тұрғын үй қорының жартысына жуығы Түрксіб ауданында орналасқан. Алматыда жақын арада қандай апатты ғимараттар бұзылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түрксіб ауданында 586 тозығы жеткен үй бар. Жөндеу бағдарламасы бойынша биыл бұл ауданда 121 пәтер берілген. Жыл аяғына дейін тозығы жеткен тұрғын үй тұрғындарын көшіру үшін тағы 11 үй аяқталады.
Қазіргі уақытта Түрксіб аймағындағы үш учаскеде сүру жұмыстары жүргізіліп жатыр:
Тұрғындардың барлығы құрылыс салушы ұсынған пәтерлерге көшуге келісе бермейді. Оларды баспана сапасы да, пәтерлердің көлемі мен жоспары да қанағаттандырмайды. Құрылыс компаниясы барлық меншік иелерімен келісімге келмесе, қалған үйлер сүрілмеуі де мүмкін. Көшіру әр үй тұрғындарының 100 пайыз келісімі болғанда ғана мүмкін болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!