- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жол апаты
Алматының қақ ортасында көлік аударылып қалды
Алматыда жол апаты салдарынан көлік аударылып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ішкі істер басқармасы өкілдерінің мәліметінше, жол апаты таңғы сағат 8:30-да Алматының Бостандық ауданында болған.
"Geely автокөлігінің жүргізушісі Сейфуллин даңғылымен солтүстік бағытта, Сәтбаев көшесінің солтүстігінде келе жатып, жолағын ауыстырып жатқанда, Toyota көлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде Geely аударылып қалды. Зардап шеккендер жоқ", - деді полиция қызметкерлері.
Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға кірісті. Оқиғаның басқа да мәліметтері анықталып жатыр.
Еске салайық, бір күн бұрын Астанада екі көшенің қиылысында Lada мен Land Rover көліктері соқтығысты. Бір жүргізуші ауруханаға жеткізілді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек