- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматының Жетісу ауданындағы...
Алматының Жетісу ауданындағы көпірде көлік қозғалысы шектелді
Фото:
©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев
Алматыда Жетісу ауданы Кемел шағын ауданындағы Жолымбет көшесіндегі Есентай өзеніндегі көпірде көлік қозғалысы шектелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.
50 жылдан астам уақыт бұрын салынған көпірді көзбен көру барысында көпір маңындағы үйінділердің шөгуі, сонымен қатар, көпір жақтауындағы топырақты су шайғаны анықталды.
Осыған байланысты көпірде қозғалысты шектеу және техникалық жай-күйіне сараптама жүргізу туралы шешім қабылданды.
Көлік жүргізушілерінен маршрутты алдын ала жоспарлап алуын сұраймыз. Аталған аумақты Мұхамеджан Сералин көшесі арқылы айналып өтуге болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина