Алматының жастар саясаты басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы жастар саясаты басқармасының басшысы болып Азиз Кажденбек тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы әкімінің өкімімен Азиз Кажденбек Жастар саясаты басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Азиз Кажденбек 1993 жылы дүниеге келген. әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2013 жылы бастаған.

Әр жылдары қаладағы үкіметтік емес ұйымдарда, жоғары оқу орындарында қызмет етті. Халықаралық бизнес университетінің (UIB) Жастар орталығының директоры және М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының тәрбие жұмысы департаментінің директоры қызметін атқарды.

Сонымен қатар Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры лауазымында болды.

2023 жылғы наурыз айынан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы Жастар саясаты басқарма басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!