- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматының екі ауданында...
Алматының екі ауданында уақытша ыстық су болмайды
Фото:
almaty.tv
Алматыда екі ауданда ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша ажыратылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы жылу жүйесі" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жетісу және Түрксіб аудандарының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын және өзге де ғимараттарды ыстық сумен жабдықтау шектеледі:
- 3 шілдеден 14 шілдеге дейін: Лавренев –Дөнентаев –Жұлдыз-2 ықшамауданы (ішінара);
- 3 шілдеден 17-ші шілдеге дейін: Монтажная – Баймағамбетов -Федосеев-Баймағамбетов;
- 10 шілдеден 14 шілдеге дейін: Урицкий-Нұрсая-Бейсебаев-Бартольд; Хмельницкий-Бакинская-Староэлеваторская-Куйбышев;
- 10 шілдеден 31 шілдеге дейін: Поддубный-Сүйінбай-Дөнентаев-Хмельницкий;
- 13 шілдеден 20 шілдеге дейін: Острумов-Красногорская-Дегдар-Остроумов;
- 17 шілдеден 21 шілдеге дейін: Папанин-Сүйінбай - Ереванская-Стальский; Кассин-Жұмабаев-Бехтерев-Шереметьев;
- 24 шілдеден 14 тамызға дейін: Первомайская нефтебаза -Геологтар-Көкжиек ықшамауданы.
"Шектеулер "Алматыжылукоммунэнерго" ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова