- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматының бұрынғы бас...
Алматының бұрынғы бас сәулетшісінің ісі сотқа түсті
Алматының қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы Алмасхан Ахмеджановтың ісі сотқа түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы сотының баспасөз қызметі істі қаланың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарайтынын хабарлады.
Алмасхан Ахмеджановтан бөлек, тағы бес адам отыр, олардың арасында Алматы қалалық жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы Ардақ Самамбетов те бар.
Еске салайық, 2023 жылғы 19 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысының ұсталғаны белгілі болды. Ведомствоның мәліметінше, шенеунік жер телімдерін беру және нысандардың құрылысына рұқсат беру кезінде қызметтік өкілеттерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан