Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының бұрынғы басшысы Алмасхан Ахмеджановқа және осы іске қатысы бар басқа да айыпталушыларға сот үкімі жарияланды. Олар құрылысты заңсыз үйлестірді және мемлекеттік жерге қатысты алаяқтық жасады деп айыпталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімді судья Мартпек Кәкімжанов оқыды:
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
2023 жылғы 19 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының бұрынғы басшысы ұсталғанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, шенеунік жер учаскелерін беру және нысандардың құрылысын келісу кезінде лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.
Кейін Алматы әкімдігі оның қамауға алынғанға дейін бірнеше ай бұрын қаланың бас сәулетшісі қызметінен кеткенін хабарлады.
2023 жылғы қарашада Ахмеджановқа қатысты тергеу Алматының тау бөктеріндегі құрылыс бойынша қозғалғаны белгілі болды.
Айта кетейік, Ахмеджанов 2018 жылғы желтоқсаннан 2023 жылғы мамырға дейін урбанистика басқармасының басшысы болды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!