- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматының бірнеше ауданында...
Алматының бірнеше ауданында суық су өшіріледі
Алматыда 29 мамыр күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін су құбыры желілерінде технологиялық жабдықтарды ауыстыру бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство осыған байланысты 24 мамырда келесі мекен-жайлар бойынша суық су беру уақытша шектелетінін мәлімдеді:
Бостандық ауданы, Абай даңғылы – Манас-Тимирязев - Жандосов - Үлкен Алматы өзені- Тимирязев – Жароков – Өтепов – Гагарин даңғылы, "Атакент" көрме кешенінің аумағы;
Алмалы ауданы, Абай даңғылы –Әуезов- Жамбыл-Манас көшелеріндегі алаңдарда; Абай-Әуезов - Төле би - Розыбакиев; Абай - Розыбакиев - Құлымбетов - Тұрғыт Озал шаршы көшелерінде;
Әуезов ауданы, Абай даңғылы- Щепетков - Үлкен Алматы өзені – Сәтбаев- Өтеген батыр 112а, 114 тұрғын үйлер;
Әлеуметтік нысандарға автоцистерналармен су жеткізу жүзеге асырылатын болады.
- Бекіту жабдықтары мен басқа да технологиялық жабдықтарды ауыстыру жөніндегі жұмыстарды уақытылы орындау, осы аумақтардағы тұтынушыларды сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деп түйіндеді "Алматы Су".
"Алматы Су" МКК диспетчерлік қызметі: 274-66-66.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина