Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматының бірқатар ауданындағы электр желісінде апат болып, электр қуаты өшті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Екпінді желдің салдарынан кейбір ауданда ағаштар құлаған, бұдан тарату желісіндегі 6-10-0, 4 киловольт ажыраған, соның салдарынан Алматының тұтынушылары электрден ажыратылды.
Алатау жарық компаниясының хабарлауынша, электр қуаты Жамақаев, Шукшин, Гагарин, Жароков, Әуезов, Жамбыл, Төле би, Шолохов, Сейфуллин көшелерінде өшті.
"Электр қуатынсыз қалған аудандарды "АЖК" АҚ сайтының картасынан көруге болады. Қазіргі уақытта апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2 сағатта қосу жоспарланған", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!