Алматының бірнеше ауданында жарық өшіп қалды

Алматының бірнеше ауданының тұрғындары электр энергиясы өшкенін айтты. Бұған "KEGOC" АҚ-ға тиесілі электр беру желілерінің апат жағдайында ажыратылуы себеп болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мәліметінше, 14 тамызда сағат 14:38-де Л-5400, Л-5300 және Л-5320 желілерінің ажыратылуы салдарынан компания желілерінде апатқа қарсы автоматика іске қосылған.

Осылайша Алматы мен Алматы облысындағы тұтынушылар жарықсыз қалды. Жүктеме көлемі 300 МВт болды.

Алматыда электр энергиясы төрт ауданда өшіп қалды:

  • Бостандық;
  • Наурызбай;
  • Әуезов;
  • Алатау.

Алматы облысында мына аудандар жарықтан ажыратылды:

  • Жамбыл ауданы;
  • Балқаш ауданы;
  • Есік ауданы;
  • Қарасай ауданы;
  • Шелек ауданы;
  • Райымбек ауданы;
  • Ұйғыр ауданы;
  • Іле ауданы;
  • Кеген ауданы;
  • Талғар ауданы.

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мамандары қажет іс-шараларды жүргізіп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!