- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматының бір көшесінде...
Алматының бір көшесінде көлік қозғалысы шектелмек
Алматыда Бұқар жырау көшесінде көлік қозғалысы шектелмек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жылу жүйелерін жөндеу мақсатында көше бойы автокөлік қозғалысы үшін уақытша жабылады.
17 қыркүйек сағат 22:00-ге дейін Алматы қаласы Бостандық ауданында Бұқар жырау жолы бойында Байтұрсынов көшесінен Марков көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады.
Көлік қозғалысы батыс бағытта жабылатын болады.
Уақытша шектеулер гидравликалық сынақтар кезінде анықталған жылумен жабдықтау желілерінің зақымдануын жою үшін жабылады. Магистральдық жылу желісін жөндеуді, қалпына келтіруде жұмыс атқару үшін 4 бірлік мамандандырылған техника мен 20 жұмысшы жұмылдырылды.
Тұтынушылар үшін жылу тасымалдағыштың параметрлері төмендемейді.
Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жолдың асфальт-бетон жабыны қалпына келтіріледі.
Гидравликалық сынақтар қалалық жылу беру кешенін алдағы жылу маусымына дайындау шеңберінде жылу желілері жабдығының жағдайын тексеру және құбыржолдардың проблемалық, апатқа ұшырауға бейім бөліктерін анықтау үшін жүргізілмек.
Сынақ жүргізу кезеңінде, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, төтенше жағдайлардың орын алу ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды. Мұндай жағдайларда өз бетіңізше ешқандай әрекет жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіп, "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-не мына телефондар арқылы ол туралы хабарлаңыз: 378-06-48 (қосымша 1014),, 378-06-62 (қосымша 1013) не 109.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина