Алматының бірнеше ауданы жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алатау Жарық Компаниясының" интерактивті картасына қарасақ, мына көшелер электр қуатынсыз қалған:
- Шаңырақ-1 шағынауданы, Көкқайнар шағынауданы, Мәмбетов көшесі, Әубәкіров көшесі;
- Омаров көшесі, әл-Фараби даңғылы, Елебеков көшесі;
- Өтепов көшесі, Қожанов көшесі, Күлешов көшесі, Кекілбайұлы көшесі;
- Асқартау шағынауданы, Бағанашыл шағынауданы, Ерменсай шағынауданы;
- Геологтар көшесі, Жайсан, Постышев көшелері;
- Спасская, Энгельс, Урицкий, Бартольд көшелері.
"Апаттың себебі анықталып жатыр. Екі-үш сағатта қосылуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
"Алатау Жарық Компаниясы"
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова