- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматының бір ауданында...
Алматының бір ауданында уақытша суық су болмайды
Фото:
elements.envato.com
Алматының Әуезов ауданындағы бірнеше үйде бір күнге суық су өшіріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әуезов ауданындағы бірнеше тұрғын үйде технологиялық жабдықтарды ауыстыру кезіндегі өндірістік қажеттілікке байланысты бір күнге суық су өшіріледі.
12 қыркүйекте сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін Төле би көшесінің бойымен Сайын көшесі мен Өтеген батыр көшелерінің аралығындағы тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.
"Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз. Анықтама телефоны: 274-66-66", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек