Алматының бір ауданы суық сусыз қалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алматы су" мәліметінше, 18 ақпанда қалада жаңа су құбыры желілерін пайдалануға беру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі.
18 ақпанда сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Бостандық ауданында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға су беру бойынша уақытша шектеулер енгізіледі:
"Жоспарланған жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалалық секторлардағы суық сумен жабдықтауға уақытша шектеулер енгізу қажет. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!