• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Алматының бір ауданы уақытша судан ажыратылады

Алматының бір ауданы уақытша судан ажыратылады
Фото: depositphotos.com

Алматының бір ауданы суық сусыз қалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алматы су" мәліметінше, 18 ақпанда қалада жаңа су құбыры желілерін пайдалануға беру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі.

18 ақпанда сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Бостандық ауданында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға су беру бойынша уақытша шектеулер енгізіледі:

  • Розыбакиев көшесі, "Әмір" ТК, ESTET ТК, 4YOU ТК;
  • Тәжібаев көшесі, "Элемент" ТК;
  • Қожабеков көшесі, 6, 17/1, 21, "Браун" ТК.

"Жоспарланған жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалалық секторлардағы суық сумен жабдықтауға уақытша шектеулер енгізу қажет. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget