Алматы облысы Қарасай ауданындағы халықаралық маңызы бар Алматы - Бішкек тасжолының 19-27-шақырым аралығын күрделі жөндеу және кеңейту жобасы ресми түрде басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жолмен тәулігіне 70 мыңнан аса көлік қатынайды. Жобаны іске асыру жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейтуге және қала маңындағы елді мекендердің тұрғындарына, мегаполис қонақтарына әрі транзиттік көлікке қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
"Бұл - Алматының басты көлік қақпасы. Мұнда күн сайын Қазақстандағы ең жоғары көлік қарқыны тіркеледі. Жобаны жүзеге асыру жолдың өткізу қабілетін айтарлықтай арттырып, жол қауіпсіздігін күшейтуге және жүздеген мың жүргізуші үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді", - деді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев.
Қазір қолданыстағы төрт жолақты жол жүктемені толық көтере алмай отыр. Соның салдарынан кептеліс туындап, қозғалыстың орташа жылдамдығы төмендеп, жол апаты қаупі артып отыр.
Жоба аясында жол төрт жолақтан сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі. Күрделі жөндеу барысында:
Жоба аяқталғаннан кейін Алматы мен қала маңындағы елді мекендер арасындағы жол жүру уақыты едәуір қысқармақ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз