Ішкі істер министрлігі полиция департаменті бастығы Арыстанғани Заппаровтың әйеліне қымбат Lexus көлігі сыйлағаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін БАҚ-та Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары ведомство басшысы Арыстанғани Заппаровтың жұбайына құны 100 мың долларға жуық жаңа Lexus LX 600 көлігін көпшілік алдында сыйға тартты деген ақпарат тараған болатын. Кейін бұл ақпаратты Арыстанғани Заппаровтың өзі де жоққа шығарды.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. 28 қаңтарда Заппаров А. Р. әлеуметтік желіде тараған ақпаратты өз атынан ресми түрде жоққа шығарды", - деп хабарлады ІІМ.
Министрлік осы факті бойынша Алматы полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 247-бабы "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лес