- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматының аязы жарты...
Алматының аязы жарты ғасыр бұрынғы рекордты қайталады
Алматының аязы жарты ғасыр бұрынғы рекордты қайталады. Мұндай жағдай 54 жыл бұрын болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 12 қаңтарда түнде Алматыда екі температуралық рекорд тіркелген.
"Минимум температура "Шымбұлақта" тіркелді. Ол жерде ауа температурасы -27,8 градусқа дейін жетті. Бұған дейін қаңтардағы аяз 1969 жылы тіркелген болатын, шамамен -27 градус.
Сонымен қатар, "Мыңжылқы" метеостанциясында температура рекорды тіркелді. Бұған дейін ол аймақта қаңтарда -32 градус тіркелсе, 12 қаңтарда -32,4 градус болды", - дейді Алматы және Алматы облысы бойынша Қазгидромет филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаев.
Оның сөзінше, биыл Алматыда қаңтар салыстырмалы түрде аяз қатты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина