Алматының көлік холдингі DDoS-шабуылдан туындаған Onay мобильді қосымшасының кейбір сервистеріндегі шектеулер жойылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"9 тамызда сағат 23:00-ден бастап Алматы Көлік холдингінің желілік ресурстарына бұрын-соңды болмаған DDoS-шабуыл жасалды. Бұл ретте автобустардағы жабдық штаттық режимде жұмыс істеді. Жол ақысын көлік карталары, SMS, Onay мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады. Кейбір пайдаланушылар DDos шабуылына байланысты vобильді қосымшаның кейбір қызметтерінде шектеулер болуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Холдингте мамандар жүйелердің жұмысын тұрақтандыру бойынша бірқатар іс-шаралар қабылдағанын және қазіргі уақытта барлық байланыс сервисі мен арналары штаттық режимде жұмыс істейтінін атап өтті.
Холдинг мамандары жағдайды бақылауды жалғастытырп жатыр, жедел режимде жағдайдың қайталануына жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қабылданды.
Естке салайық, бұған дейін Алматылықтар автобустарда жол ақысын төлеу мүмкін еместігіне шағымданған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!