- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматының арық желілерінен...
Алматының арық желілерінен 985 тонна қоқыс шығарылды: енді ластағандарға айыппұл салынады
"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, 28-30 наурыз аралығында Алматыда жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.
Алматының коммуналдық қызметтері арық желілерін, арық өткелдерін және қоқыс төгілген "ойық жерге" тазалау жұмыстары жүргізілді. 27 наурыздағы жағдай бойынша, 985 тонна қоқыс пен лай шығарылды. Барлық арық желісі тазаланған.
Жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу үшін мотопомпалармен және шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылады. 2 мың қап құм дайындалған. Аудандық әкімдіктерде жұмысты бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі.
"Су тасқынының алдын алу үшін қала тұрғындарынан арықтарды, нөсер ағындары мен каналдарды қалдықтармен бітеп тастамауды сұраймыз. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау" бойынша бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын қосымша хабарлаймыз, бұл ескертуге немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан