Алматының Алатау ауданына жаңа әкім тағайындалды

Алматының Алатау ауданына жаңа әкім тағайындалды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімінің өкімімен Алатау ауданының тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алматы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің және қала мәслихатының келісімімен Алатау ауданының әкімі лауазымына Талғат Малыбаев тағайындалды", - делінген хабарламада.

Талғат Малыбаев 1987 жылы 20 желтоқсанда Қарағанды облысында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін "Көлік" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Қарағанды қаласындағы "Агро-Консалтинг-К" АҚ стратегия және бюджеттік жоспарлау департаментінің маманы ретінде бастады.

Әр жылдары құрылыс компанияларында жұмыс істеген, сондай-ақ Алматы қаласының "Алматы жылу желілері" ЖШС-де, Алматы облысының "Жетісу" ӘКК ҰК АҚ-да басшылық қызмет атқарды.

"Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ ТКШ қызметтерінің сапасын арттырудың базалық бағытын іске асыру тобының жетекшісі болып жұмыс істеді.

2023 жылы маусымнан бастап қазірге дейін Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы