Алматының 1000 жылдығына арналған үздік логотип таңдалды

Алматының 1000 жылдығына арналған үздік логотип таңдалды
Фото: © Василина Атоянц

Оңтүстік астана "Алматы қаласының 1000 жылдығының" үздік логотипі байқауының авторлары белгілі болды. Байқауға жалпы 123 жұмыс келіп түскен.

Жеңімпаз атанған логотип қаланың барлық нысанында бір жыл бойы қолданылады. Ал байқаудың жүлде қоры болса, 1 миллион теңге екен.

"Біз бірден Алатау етегін көрсетуіміз керек екенін түсіндік. Логотипте тау және "Алматы" қаласы екенін білдіретін жазудың бар болуы тиіс. Біз тауды көк шыңдар қылып көрсеттік. Бұл логотиптің бірнеше қызықты түсіндірмесі бар. Онда "1000" тау болады, ал алма пішініндегі күн қаланың символы болады деген шешімге келдік. Ол осы таулардың үстінде тұрады. Содан кейін техникалық жақтарын түзедік. Архаикалық ежелгі оюды қостық. Сол арқылы алманы күнге айналдырады, себебі ол сары, алманың қауызы. Негізгі жұмыс уақыты қарпін таңдаумен өтті, себебі латын сызбасында шығыстың белгілерін салу қиын. Соны ұзақ уақыт іздей келе, әйтеуір таптық", − деді агенттіктің креатив директоры Тигран Туниянц.

Айта кетейік, 2016 жыл Алматының 1000 жылдығын тойлау жылы болып жарияланды. Мегаполистің туған күні ЮНЕСКО-ның мерейтой күндерінің тізіміне енген.

Дереккөз:Tengrinews.kz

С. Ерсін