- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыны түтін басты:...
Алматыны түтін басты: өрт орнындағы жағдай қандай?
Алматы құтқарушылары қаланы түтін басуға себепші болған өрт орнын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өртсөндірушілер Жетісу ауданында орналасқан ламинат және басқа да құрылыс материалдары сақталған ангар үлгісіндегі қойманы видеоға түсірді. Өрт 25 тамызға қараған түні шыққан.
View this post on Instagram
ТЖД мәліметінше, өрт туралы ақпарат сағат 01:36-да түскен. Оқиға орнына жеткенде ангар типті қоймада өрт шыққанын анықтаған. Жоғары температура әсерінен қойманың металл қаптамасы бүгіліп, өрттің көрші қоймаларға өту қаупі болған.
Өртті сөндірудің екі учаскесі құрылып, көрші қоймаларды қорғап, температурасын салқындату мақсатында оқпандар енгізілді, конструкцияларды ашу жүргізілді. Өртті сөндіру ангардың жоғары жанғыш жүктемесіне байланысты қиындады.
View this post on Instagram
Естеріңізге сала кетейік, қоймада шыққан ірі өрт салдарынан қаланы түтін басты. Алмалы, Бостандық және Әуезов аудандарының тұрғындары күйік иісіне шағымданды. Қала тұрғындарының айтуынша, улы иіс мегаполистің орталық бөлігінде қатты сезіледі. Кейінірек алматылықтардан түтінге байланысты маска тағуды сұрады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан