23 қарашаға қараған түні Алматыда қатты жауын-шашын тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімдік өкілдері қалада жаңбыр, тауда қар жауып, Шымбұлақта 20 сантиметр қар түскенін хабарлады.
Әлеуметтік желілерде қаланы су басқаны туралы видеолар тарады.
"Алматыда екі жағдай ғана болады: не бір нәрсе өртенеді, не бір нәрсе батып жатады, басқасы керек те емес", - дейді жазба авторы.
Қала бойынша барлығы 52 бірлік техника, 27 мотопомп, 2390 дана ыдыс-қап және 104 жұмысшы жұмылдырылды.
ТЖД желісіне су басу бойынша шағым түспеген. Алайда проблемалық учаскелерде әсіресе, Райымбек батыр көшесінен төмен аудандарда арықтардың суға толып кету деректері болды.
Әкімдік өкілдері әрбір дерек ескеріліп, суды бұру сияқты жедел шаралар қабылданатынын атап өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!