Алматы–Мәскеу пойызы қайтарылуы мүмкін бе? Көлік министрлігі жауап берді

Алматы-Мәскеу пойызының бағытын қайтару жоспарланып отыр ма? Көлік министрлігі жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство Ресей теміржолымен келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

"Алматы–Мәскеу пойызының жүруіне қатысты. Жолаушыларды Алматыдан Мәскеуге дейін тасымалдауды қамтамасыз ету үшін №7/8 Алматы–Саратов жедел пойызының бағытын Мәскеу станциясына дейін ұзарту бойынша Ресей теміржолымен жұмыс жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ Көлік министрлігі Ақтөбе–Мәскеу пойызының жүруіне қатысты сұраққа да пікір білдірді.

"Алматы–Мәскеу №7/8 жедел пойызының бағытын жоспарланып отырған қайта бастауға байланысты: Ақтөбе–Мәскеу пойызын ұйымдастыру жоспарланбаған", - делінген ведомствоның жауабында.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!