Алматының тауларында жоғары өрт қаупі жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алматы тауларында өрт қаупінің IV класы жарияланды, сондықтан тауларда от жағуға тыйым салынады, МҰТП аумағында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін айыппұл шамамен 370 мың теңге болады", - делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, 29 шілдеде Алматыда жауын-шашынсыз ауыспалы бұлтты болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні секундына 3-8 метр . Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз қатты ыстық 36-38 градус.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!