- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматылықтарға МКД мен...
Алматылықтарға МКД мен басқарма басшылығы атынан фейк хабарламалар келіп жатыр
Алматылықтар Мемлекеттік кірістер департаменті мен аудандық басқармалар басшылығы атынан фейк хабарламалар алып жатыр. Ведомство пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz мәліметіне сілтеме жасап.
Алматылықтар Мемлекеттік кірістер департаменті мен аудандық басқармалар басшылығы атынан фейк хабарламалар алып жатыр. Интернет-алаяқтар WhatsApp, электрон пошта, SMS және әлеуметтік желілер арқылы әрекет етіп атқаны айтылды.
Алматы Мемлекеттік кірістер департаменті фейк ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
"Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті МКД мен Аудандық мемлекеттік кірістер басқармалары басшылығы атынан жалған алаяқтық хабарламалардың жиілегенін хабарлайды.
Департамент азаматтар мен кәсіпкерлерге аса қырағылық танытуға, жалған хабарламаларға сенбеуге, ақша қаражатын аудармауға, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге, оның мазмұнын МКД немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми дереккөздерінде жарияланған ақпаратпен міндетті түрде салыстырып тексеруге кеңес береді.
Азаматтарды күдікті хабарламаларға жауап бермеуге және МКД ресми сайтында немесе @mkdalmaty_dgdalmaty Instagram-парақшасында көрсетілген контактілер бойынша фишингтік немесе алаяқтық жағдайлар туралы хабарлауға шақырамыз", – делінген Алматы Мемлекеттік кірістер департаментінің ресми порталында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан