Алматылықтарға ескерту жасалды

Алматылықтарға ескерту жасалды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"6 тамызда Алматы қаласында, түнде Атырау, Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. 

Еске салайық, кеше Астана тұрғындарына ескерту жасалды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget