Алматылықтарға ескерту жасалды

Алматылықтарға ескерту жасалды
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет Алматы және тағы бір қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"28 шілдеде Алматыда, түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. 

Айта кетейік, 28 шілдеде Алматыда көшпелі бұлтты болады, күндіз аз ғана жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде ауа температурасы 23-25 градус, күндіз 33-35 градус болады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget