Алматылықтарға ескерту жасалды

Алматылықтарға ескерту жасалды
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"5 мамырда Жезқазған, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. 

Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет 3, 4, 5 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Мамырдың басында Қазақстан аумағында барикалық құрылымдар тез өзгеруіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы жерлерінде түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget